Балалар арасында конъюнктивит ауруы белең алды. Көздің жұқпалы ауруы әсіресе жыл мезгілі ауысқанда үдеп, балабақшада тез таралады. Алдымен бөбектерге жұғып, артынша бүкіл отбасын әбігерге салады. Түркістандағы ахуал қандай? Әріптесім Жұлдыз Шалхарбек тарқатады.
Баласын бақшаға беріп, дертке шалдыққандардың бірі - Әлия Мұхтарқызы. Оның конъюнктивит жұқтырғанына екі аптаға жуықтаған. Алғашында көз ісініп, кейін қызарған, енді қышып мазалап жүр. Дәрігерлер дерт асқынса, көру қабілеті нашарлауы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан Әлия үнемі маманнан ақыл-кеңес алуға мәжбүр.