Түркістан руханияты тағы бір тағылымды туындымен толықты. Бүгін облыс орталығында белгілі журналист, сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлының «Жансарай» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Туынды автордың көпжылдық шығармашылық ізденісі мен өмірлік толғаныстарының жемісі. Кітап оқырманды бір сәт күлдіріп, бір сәт терең ойға жетелейтін сырлы шығармалар жинағынан тұрады. Кеште жазушының астарлы әзіл мен өткір шындықты шебер ұштастыра білген сатиралық туындылары сахналанып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады. Қаламгердің әдебиеттегі аға-інілері мен қаламдас әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, жаңа кітаптың көркемдік құндылығына жоғары бағалады.