Ауылдағы ақсап тұрған инфрақұрылым, сапасыз құрылыс пен тазалық – Сауран тұрғындарының талайдан бері тауқыметіне айналды. Бұл туралы ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровпен болған кездесуде тұрғындар ашына айтты. Мұнан өзге де проблемалардың шешілуін талап етті. Әкім мен бұқараның кездесуін тілшіміз Шынар Әділханқызы тарқатып айтады.
Шорнақтағы электр бағаналары бірі еңкейіп, бірі шалқайып тұр. Тіпті, сына сына аласырып қалғандары да бар. Ауыл халқы әкімдіктен соларды жаңартуды сұрады. Одан бөлек, елді мекенде жүргізіліп жатқан газ және су құбырларын жүргізу жұмыстарының сапасына көңілі толмайтынын айтты.