Түркістан облысында ерекше білім беруді қажет ететін 15 мыңға жуық бала бар. Олардың қоғамға бейімделіп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік жасау – маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта еңбек етіп жүргендердің қатарында Ербол Көкенов те бар. Ол бүгінде инклюзия саласын дамытуға, ерекше балалардың әлеуетін ашып, қоғамға етене араласуына баса мән беріп келеді.Балаларға қолдау көрсетуді басты назарға алған Ербол Көкенов алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырмақ. Әсіресе, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқығын қорғау, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау және мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы бастамаларға басымдық бермек. Ендігі кезекте депутаттық мандатты иеленіп, осы мәселелерді заңнамалық деңгейде көтеріп, ел игілігіне бағытталған жобаларды жүзеге асыруды көздейді.