Түркістан
EN

Нұрлан Есенқұловтың шығармашылық кеші өтті

20
26.11.2026

Шымкентте айтыскер ақын әрі сазгер Нұрлан Есенқұловтың «Әке үміті» атты алғашқы шығармашылық кеші өтті. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған рухани кешке қала тұрғындары мен өнерсүйер қауым көптеп жиналды. Әзіл-қалжың мен тапқыр сөзге толы айтыс және сазды әуендер тоғысқан концерт жайлы тілшіміз баяндайды.

Айтыс сахнасындағы өткір сөзімен және әсерлі әндерімен көпшілікке танылған Нұрлан Есенқұлов көрерменмен жеке кешінде қауышты. Қыз бен жігіт айтысының шебері атанған өнер иесі 40 жас мерейтойы қарсаңында алғашқы концертін «Қызғалдақ» сарайында өткізді. Кеш шымылдығын арнаумен ашқан ақын тыңдарман жүрегінен орын алған «Қайтесің?», «Әке», «Анама» сынды танымал әндерін шырқап, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.