Түркістан
EN

Бірегей кітап-альбом жарық көрді

4
25.11.2026

Тарихы терең шаһардың өткені мен бүгінін тоғыстырған бірегей кітап альбом жарық көрді. «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» атты еңбекте төрт жылдық зерттеудің нәтижесі мен шетел музейлерінен алынған тың деректер жинақталған. Басылымның тұсаукесеріне белгілі суретшілер мен зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ өңірдің әр ауданынан келген педагогтер мен кітапханашылар қатысты.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Алматыкітап» баспасы Түркістанда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген кітап-альбомды таныстырды. Басылымда Әмір Темірдің соңғы бейнесі, Рабия Сұлтан Бегімнің қылқаламмен салынған портреті, Эрмитаж бен Лувр секілді әлемдік музейлерде сақталған Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тиесілі құнды жәдігерлер қамтылған.