Түркістан
EN

Жаңғыртудан өткен «Жібек жолы» кеден бекеті ашылды

20
26.11.2026

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» және "Гишткөпір" халықаралық өткізу пункттері қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді. Енді қос бекет тәулігіне 100 мыңға дейін жолаушы қабылдай алады. Заманауи технологиялармен жабдықталған нысандар шекарадан өту рәсімдерін жеделдетіп, екі ел арасындағы қатынасты дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі ашылу салтанатына қос мемлекеттің ресми өкілдері қатысты. 

Біз тұрған Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» бекеті 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылы басталған жаңғырту жұмыстары бүгін толық аяқталды. Жобаға 17 миллиард 174 миллион теңге жұмсалған. Нәтижесінде жалпы аумағы 10 мың шаршы метрге жуық екі жолаушылар терминалы салынды. Ал көлік қозғалысына арналған жолақтар саны екіден алтыға дейін көбейді.