Түркістан
EN

Қазақстанда 800 ге жуық ұйымның атауы жүз бен ру атымен байланысты

21
26.11.2026

Елімізде 800-ге жуық қоғамдық ұйым мен кәсіпкерлік нысан қазақ руларының атауымен аталады. Бүгін Құрылтай депутаты Аят Сүгірбай бұған заңмен тыйым салуды ұсынды. Ол осы мәселеге қатысты Әділет министрлігіне сауал жолдады. Трайбалистік сипаттағы атаулардың басым бөлігі 1996-2005 жылдар аралығында тіркеліпті. Халық қалаулысы ру атауларын қолдану қоғамның жік-жікке қайта бөлінуіне ықпал етеді деп есептейді. Сондықтан тарихи шежірені құрметтеу мен ру атауларын кәсіпкерлік мақсатта пайдаланудың аражігін ажырату қажет екенін айтты.

Бұл жай ғана атау мәселесі емес. Керісінше болашақ ұрпақтың дүниетанымына тікелей қатысыт мәселе. Өйткені, ру атауын жалаулатқан шаруашылықтың түбі руға бөлінейік дегені емес пе? «Әділетті Қазақстанды» құруда жершілдік пен жүзге бөліну болмауы тиіс.