Түркістан
EN

Рәміздер күніне орай байқау өтті

272
03.06.2022

Биыл Тәуелсіздіктің айғағы мемлекеттік рәміздердің бекітілгеніне 30 жыл! 1992 жылы 4 маусым күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Міне, содан бері бұл күнді барша қазақстандықтар ерекше  атап өтіп келеді. Түркістандықтарда Рәміздер алаңына жиылып, осы күнге арналған байқау  жеңімпаздары марапаттады.

Кез келген елдің Тәуелсіздігінен оның рәміздерін бөле-жара қарауға болмайды. Өйткені, бұл нышандар егемендіктің басты символы. Ал осы елдігімізді айшықтайтын мемлекеттік рәміздердің авторларын бүгінгі жастар біле ме?

Рәміздердің еліміздегі алар орнын ескерген қоғамдық даму басқармасы тұрғындар арасында байқау жариялаған болатын. Оған бас аяғы 22 адам қатысты. Нәтижесінде, рәміздердің қадір қасиетін қаламмен жеткізген Сабырбек Олжабай 1 орынға ие болды. 

Сабырбек Олжабай, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты:          

-          Қандай елдің болмасын мемлекеттік рәміздері болады. Ол мемлекеттік рәміз деген елдің мақтанышы.ол елдің биік ынтымағының көрінісі болып табылады. 

Сондай-ақ, осы күні Ерекше идеямен керемет кадраларды  обьектевке сыйдырып,  рәміздерді басқа қырынан көрсеткендерде құр алақан қалмады. Олардың сөзінше, кез-келген азамат рәміздер туралы білуі тиіс.   

Фариза Табылдиева, қала тұрғыны:   

-          Өз құндылықтарымызды, тәуелсіздігімізді, елтаңба, әнұранымызды жасұрпаққа насихаттау парызымыз. Бүгін марапат аламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ өте қуаныштымын.

Мариям Абдуллаева, оқушы:              

-          Жастар және рәміздер «тәуелсіздік» деген ұғымды білдіреді деп ойлаймын. Әр елдің туы және әнұраны бар. Сондықтан біз еш елге бағынышты емеспіз

«Біздің ел бақытты, біздің ел осындай» деп ұрандатқан балдырғандардың әнұран орындағанын көргенде жүректі қуаныш кернейді дейді ұйымдастырушылар. Шара өнерпаздардың орындауындағы патриоттық әндермен жалғасты.