Түркістан
EN

Кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

1
24.11.2026

Астаналық ұстаз  жеті мың кітаптан биіктігі 8 метр болатын ерекше мұнара тұрғызды. №12 жалпы білім беретін мектептің ұстазы жасаған арт-нысан оқушылар мен ата-аналардың қызығушылығын тудырды. Кітаптардан құрастырылған құрылым мектептің үлкен залына орналастырылған. Оның ерекшелігі шексіздік белгісін таңбалауында. Бұл көрініс еден мен төбеге орнатылған айналар арқылы жасалған. Экспонат авторы ерекше шешім арқылы кітаптың адамзатқа шексіз білім мен ақпарат әлемінің есігін ашатынын жеткізгісі келген. Мұнараға қажетті кітаптарды педагогтер мен оқушылар жинап әкелген . Ал ондағы қауіпсіздік талаптары толықтай ескерілген.