Түркістан облысы Мақтаарал ауданында балаларға арналған заманауи даму орталығы салынып жатыр. Жаңа нысан ауыл жастарының сабақтан тыс уақытын тиімді өткізіп, шығармашылық, техникалық және зияткерлік қабілеттерін шыңдауға жол ашпақ. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Орталық келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ауданға барып, құрылыс алаңында болып қайтқан әріптесім Көркем Әбдіғали тарқатып айтып береді.
Орталықтың құрылысы былтыр көктемде басталған. Қазіргі уақытта ғимараттың қасбеті қаланып, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Аумақтағы ескі қоршаулар жаңартылып, аулаға асфальт төселіп, бетон құйылуда. Есіктер мен жарық шамдары орнатылып, жылу жүйесі толық тартылған. Мамандар нысанды межелі уақытында тапсыру үшін қызу жұмыс істеп жатыр.