Түркістан
EN

Қару мен қаламды қатар ұстап жүр

2
24.11.2026

Ұлттық Ұланның Түркістандағы әскери бөлімінде ақын-сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Серік Асхатұлы қару мен қаламды қатар ұстап, бүгінге дейін 200-дей өлең жазған. Әскер қатарында да шығармашылығына ден қойған бозабала Талдықорғанның тумасы. Мектепті бітірген соң, журналистика мамандығына оқуға түскен. Бүгінде Серік Түркістанның көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік қызмет атқарады. Әскери ортаға келгеннен бері оның өлеңдерінде отансүйгіштік тақырыбы да кеңінен көрініс таба бастаған. Бұрын көбіне сезім мен өмір туралы толғанса, енді туған жер, елге қызмет ету, Отан алдындағы борыш секілді тақырыптарды да жырға қосып жүр.