Түркістан
EN

Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы спутниктік интернет пен трафик транзитін дамытуда

2
24.11.2026

 Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық көпірге айналып келеді. Бүгін Үкімет отырысында шалғай ауылдар мен көлік-туристік нысандарды спутниктік интернетке қосу және халықаралық трафик транзитін кеңейту мәселелері қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев саладағы ірі жобалардың барысын баяндады. Оның сөзінше, талшықты-оптикалық желі тарту қиын шалғай елді мекендерді сапалы байланыспен қамту үшін елімізде спутниктік интернет белсенді дамып келеді. Бүгінде OneWeb және Starlink операторларына тиісті лицензия берілген. Спутниктік интернет көлік және туризм инфрақұрылымына да кеңінен енгізілуде. Биыл еліміздегі 10 танымал туристік нысан мен барлық шекаралық өткізу пункттері интернетпен қамтылса, алдағы жылы тағы 50 демалыс орны желіге қосылады.