Түркістанда «Қазақ Романсиадасы – 2026» байқауы өтті. Өнер сайысына Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 60-қа жуық жас вокалист қатысты. Олар классикалық және қазақ романстарын орындап, өзара бақ сынады. Сайыс негізгі екі бағытта өтеді. Бірі «Қазақ романсы» екіншісі «Орыс романсын» орындау. Қатысушылардың өнерін Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Галина Преображенская бастаған халықаралық мамандар бағалады. Байқау Түркістан облысы әкімдігі мен облыстық «Южный Казакстан» газетінің ұйымдастыруымен жылда өткізіледі. Байқау жеңімпазы желтоқсан айында Мәскеуде өтетін халықаралық «Романсиада» байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетуге жолдама алады.