Елімізде есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейтілді. Қарашаның алғашқы он күнінде 56 құқық бұзушылық анықталып, 35 күдікті ұсталды. Олардың 19-ы есірткі өткізу, 8-і контрабанда дерегі бойынша жауапқа тартылды. Мәселен, Алматыда 220 грамнан астам кетамин, Шымкентте жарты килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді. Павлодарда ұсталған әйелден 1,5 килограмға жуық a-PVP және мефедрон алынды. Жалпы, заңсыз айналымнан 200 килограмнан астам есірткі тәркіленген. ІІМ есірткі қылмыстарының алдын - алу шараларын жалғастыруда.