Түркістан
EN

Жазғы мектептегі оқушылар қалай білім алып жүр?

303
03.06.2022

Түркістан облысында 300 мыңнан аса бала жазғы лагерде демалуда. Бұл жалпы бала санының 3/2 бөлігін құрайды. Алайда қалған 150мыңға жуық мектеп оқушылары жазғы демалыста бос жүр. Жазғы сауықтыру орталықтары балаларды неге түгел қабылдай алмайды?

Бексұлтан Мұстафа бастауышты тәмамдап, 5 сыныпқа қадам басты. Ол Түркістандағы Қаныш Сәтбаев атындағы №12 жалпы орта мектебінің оқушысы. Жазғы мектеп - уақытты тиімді өткізудің таптырмас жолы дейді ол. Сыныптастарымен сейіл құрып, сабақтан тыс жолыққаны ерекше көңілінен шығыпты 

Бексұлтан Мұстафа, оқушы:

-         Мен жазғы демалысымды жоспарламаған едім. Мектеп жанындағы лагерде жүргенімен қуаныштымын. Мұнда түрлі-түрлі экскурсияға барып, спорттық шараларға қатыстық. Уақытты осылай өткізген қызық

Республика бойынша 3,4 миллион оқушы болса, соның бір мыңнан астамы ғана тегін сауықтыру орталығына жолдама алады. Қалғаны қаражат болса, қосымшаға барады. Ата-анасының қалтасы көтермесе, төрт қабырғаға қамалады. Яғни жазғы демалыстың 80 күні балалар­дың бос сенделісімен өтеді деген сөз. Ал облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы жазғы мектеп пен лагерге бару жолын қалай таңдайтынын айтып берді. 

Ардақ Садықова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары: 

-         Мемлекет қаражаты есебінен төленетін лагерлерге әлеуметтік жағынан қорғалған 5 санаттың балалары бара алады. Оның ішінде тегін жолдама мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылар, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі. Және оқу үздіктерімен дарынды оқушылар бар

Биыл еліміз бойынша  қала сыртында – 236, мектеп жанындағы – 10 284, 930-ден астам шатырлы лагерде балалардың 81,3 пайызы, яғни 2,6 миллион бала демалысқа жіберіледі. Балаларды жазғы сауықтырумен қамтамасыз етудегі облыстағы көрсеткіш мынадай: 

Қазіргі таңда облыс көлеміндегі 16 қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде әлеуметтік жағдайына байланысты 22 324 бала бюджет есебінен тегін демалады. Ал 35 306 бала ата-аналар есебінен ақылы түрде қабылданған. Сонымен қатар, 281 мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтылатын лагерлерде 17 248 бала бюджет есебінен тегін, 12 685 бала ата-аналар есебінен ақылы түрде демалып жүр. Ал тамақсыз мектеп жанындағы 786 ойын-сауықтыру алаңшаларда 118 536 бала тегін қамтылған.

Сондай-ақ биылдан бастап сауықтыру орталықтарының қолжетімділігі туралы ақпаратты барынша ашық ету мақсатында bala-demalys.kz сайты мен мобильдік қосымшасы іске қосылған. Осы карта арқылы кез келген ата-ана баласы үшін лагердің қолжетімділігін көруіне болады.