Түркістан
EN

Темірланда теннис корты салынуда

9
24.11.2026

Түркістан облысының Ордабасы ауданында заманауи спорт кешені салынып жатыр. Темірлан ауылында бой көтерген нысанның құрылысына бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге бөлінген. Қазір жұмыстың 80 пайызы орындалды. Кешенді 2027 жылдың көктемінде пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мұнда спорттың қандай түрлерімен шұғылдануға болады? Толығырақ әріптесім Жұлдыз Шалхарбек тарқатады.

Ордабасы ауданының орталығында алғаш рет бассейн мен теннис корттары ашылмақ. Бұған дейін тұрғындар суда жүзу мен тенниске машықтану үшін Шымкентке қатынайтын. Енді ауыл балалары ауданнан шықпай-ақ жаттығуға мүмкіндік алады.