Түркістан
EN

Мұнай-газ саласы: Шымкент пен Павлодар зауыттарының өңдеу қуаты артады

12
24.11.2026

«ҚазМұнайГаздың» капиталы 22 триллион теңгеге жетті. Компанияның қаржылық жағдайы жалпы құны 16,7 триллион теңге болатын ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгін ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы он айдағы қызметінің нәтижелері туралы есеп берді. Президентке 2026–2030 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасының қабылданғаны баяндалды. Оның аясында 23 жоба жүзеге асырылып, ресурстық әлеуеті 4,7 миллиард тонна шартты отынға тең 26 іздестіру-барлау ұңғымасы бұрғыланбақ. Сонымен қатар кен орындарына жасанды интеллект көмегімен цифрлық телнұсқа жүйесі енгізілуде. Бұдан бөлек, қысқа мерзімде тауарлық газ өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобалар да қолға алынған.