Түркістан
EN

Кондитерлік фабрика өртеніп, 7 адам қаза тапты

6
23.11.2026

Индонезияда кондитерлік фабрика өртеніп, 7 адам қаза тапты. Тағы 42 қызметкер із-түзсіз жоғалып кеткен. Төменгі қабатта тұтанған өрт өндірістік ғимаратты жылдам шарпыған. Құтқарушыларға жалынды сөндіру оңайға соқпады. Кәсіпорын иелерінің хабарлауынша, сол күні ауысымда шамамен 300 қызметкер жұмыс істеген. Қазір мамандар зардап шеккендерді қираған ғимараттан аршып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал тергеушілер анықтау-іздестіру ісін фабрика аумағы қауіпсіз деп танылғаннан кейін бастайды. Әзірге өрттің нақты шығу себебі анықталған жоқ.