Алматыдағы балалар инфекциялық ауруханасына 20 күн ішінде 14 мыңнан астам бала жүгінген. Әлеуметтік желіде аурухананың қабылдау бөлімінде ұзын-сонар кезек пайда болғаны түсірілген бейнежазба тарады. Тұрғындардың сөзінше, кей балалардың дене қызуы 39–40 градусқа дейін көтеріліп, ұзақ уақыт бойы түспей қойған. Ал аурухана басшылығы, 1 мен 20-шы қараша аралығында медициналық көмекке жүгінген 14 мыңнан аса баланың 2 773-і стационарға жатқызылған мәлімдеді. Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы да жағдайға байланысты дүрбелеңге негіз жоқ екенін жеткізді. Дегенмен қалада ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандар саны өсуіне байланысты ауруханалардағы төсек-орын саны артыпты.