Түркияның Анталья қаласында өткен COP31 саммиті нәтижесіз аяқталды. 13 күнге созылған жаһандық жиында қоршаған ортаны қорғау мәселесі мен климаттың қазіргі күйі қызу талқыланды. Еуропалық Одақ Түркия ұсынған «Климат саммиті» құжатының жаңартылған нұсқасын қабылдамады. Өйткені, онда «көмір, мұнай және газдан бас тарту жөнінде нақты міндеттеме жоқ», - дейді. Ал қазба отындары - климат өзгерісіне әсер ететін негізгі фактор. Мұны шағын арал-мемлекеттер мен Латын Америкасы елдері де қостайды. Десе де «мұнай мен газсыз жаһанды энергиямен қамтамасыз ету мүмкін емес» дегендер де табылды. Былтыр Бразилияда өткен басқосуда да мемлекеттер осы мәселеге қатысты ортақ келісімге келе алмаған еді.