Қазақстаннан басқа әлемнің бірде-бір елінде балаға үш тіл оқытпайтынын айтады сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Оның пікірінше, шет тілін білу сауаттылықтың басты көрсеткіші емес, әлемдік ғылымның биік шыңдарын игеруге қажетті құрал ғана. Сондықтан балаларды өмірлік қажеттіліктерге дағдыландыру керек.
Ал шынайы сауаттылық – бұл өмірді білу, таңдаған мамандықты терең меңгеру. Сондықтан ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев шет тілін бесінші сыныптан бастап оқытқан дұрыс деген пікір білдірді. Сондай-ақ білім беру стандартының жиі өзгеретінінде сынады. Мәселен кейінгі бес жылда білім туралы заң 29 рет өзгерістермен толықтырулардан өткен.
Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Үлкен мәселе үштілділікке қатысты. Әрине, ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Бірақ ойлау мен сана жүйесі әлі толық қалыптаспаған бірінші сыныптағы, балабақшадағы қазақ бүлдіршіндеріне бірден үш тіл оқытуға қандай қажеттілік бар?