Түркістан
EN

Мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді

3
23.11.2026

Ордабасы ауданында жыл соңына дейін 20 мың тонна ет өндіру жоспарланған. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңір шаруалары 12,5 мың тонна өнім дайындап үлгерді. Бұл көрсеткішке жеңілдетілген несие арқылы ашылған жаңа мал бордақылау алаңдары есебінен қол жеткізіліп отыр. Солардың бірі Бөржар ауылдық округінде жұмысын бастады. Тақырыпты әріптесім тарқатады.

Ауданда мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, шаруашылықтарын ірілендіруге көшкен. Соның нәтижесінде өңірде төрт түлік басы ғана емес, ет пен сүт өнімдерінің көлемі де тұрақты түрде артып отыр.