Қазақстанда күн энергиясының қуаты арта түспек. Жыл соңына дейін елімізде тағы бес күн электр станциясын іске қосу жоспарланған. Оның екеуі Қызылорда облысында салынып жатыр Оның жалпы қуаты 30 мегаватт болмақ. Ал жыл басынан бері Маңғыстау, Қостанай және Жетісу облыстарында қуаты 62,6 мегаватт болатын үш станция іске қосылған. Бүгінде еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің жалпы қуаты 3,7 гигаватқа жетті. Оның 1,3 гигаваты күн энергетикасына тиесілі. Ал 2035 жылға дейін Қазақстанда кемінде 8,4 гигаватт баламалы энергия қуатын іске қосу көзделіп отыр.