Түркістан
EN

27 мың тұрғын үйге дабыл қондырғысы орнатылады

3
23.11.2026

Түркістан облысында 27 мыңнан аса тұрғын үйге жылыту маусымы кезіндегі қауіпті ескертетін дабыл қондырғылары орнатылады. Оның ішінде табиғи газбен де қатты отынмен де жылытылатын баспаналар қамтылған. Өңідің Төтенше жағдайлар қызметі мамандары Отырар ауданына арнайы барып, тұрғын үйлердегі қазандық пен пештің жағдайымен танысты. Дабыл қондырғаларының маңызын сондай-ақ басқа да қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

Отырарлық Кенжегүл Шүкірбекова ауылға газ келгеніне 3 жылдай болды, дейді. Оның игілігін көріп, күл тасу машақатынан арылғанымен табиғи газдан келер қауіптің де бар екенін жасырмайды. Жылда оның алдын алуға өз беттерінше әрекеттенеді екен. Ал биылғы қысқа дайындық өңірдің Төтенше жағдайлар қызметі мамандарымен басталды. Департамент бастығы бастаған топ  алдымен дабыл қондырғысының маңызын түсіндірді. Балалармен қауіпсіздік шаралары туралы тілдесті.