Түркістан
EN

Келесте «Есірткісіз болашақ» форумы өтті

12
20.11.2026

Есірткі қылмысы – қоғам қауіпсіздігіне, әсіресе жас ұрпақтың болашағына төнген үлкен қатер. Жыл басынан бері Келес ауданында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 21 құқықбұзушылық анықталған. Осыған байланысты ауданда жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған «Есірткісіз болашақ» форумы өтті.

Жиынға аудан басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, жастар мен қоғам белсенділері қатысты. Форумның негізгі мақсаты – есірткіге тәуелділіктің зардабын түсіндіру, заңсыз айналымға қарсы күрестің маңызын насихаттау және өскелең ұрпақтың саналы таңдау жасауына ықпал ету. Шара барысында қатысушыларға есірткіге әуестіктің адам денсаулығына, отбасына және қоғамдық ортаға тигізетін кері әсері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар нашақорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, есірткі заттарын сақтау мен таратуға қатысты заң талаптары түсіндірілді.