Түркістан облысына жыл басынан бері негізгі капиталға 1 трлн 466 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде тікелей шетелден әкелінген инвестиция көлемі биылғы жылдың екінші тоқсанында 546 млн АҚШ долларына жеткен. Өңірде жалпы құны 3,2 трлн теңге болатын 142 инвестициялық жоба жасақталған. Биыл соның 69-ын іске асыру жоспарланып, қазірдің өзінде 34 жоба жұмысын бастады. Нәтижесінде 1500 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал өнеркәсіп саласында жыл басынан бері 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілген. Оның 763 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өндіріс көлемін арттыру мақсатында индустриялық аймақтар мен «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде арнайы экономикалық аймақта 39 жоба қолға алынған. Олардың нәтижесінде 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.