Аймақтағы барлық кәсіпкерлік нысандар яғни тауарын нарыққа шығаратын кез-келген кәсіпкердің жұмысы цирфлық жүйеге өтуі керек. Бұл жұмыс барысын оңтайландырып, көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында жасалады. Облыста 209 мыңға жуық кәсіпкерлік субьектісі жұмыс істейді. Олардың жұмысын цифрландыру жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Бұл туралы бүгінгі Түркістан қаласында өткен Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі отырысында айтылды. Әр ауданнан келген кәсіп иелері өздерінің түрлі ұсыныстары мен мәселелерін де жеткізді. Айтылған ұсыныс -пікірлер алдағы күндері өтетін Үкімет пен Кәсіпкерлер палатасының бірлескен сьезінде көтеріледі.