Түркістан
EN

Көлік жүргізу құқығынан айырылғандар рөлге отырған

12
20.11.2026

Көлік жүргізу құқығынан айырылса да, заңды белден басып қайта рөлге отыратындар азаймай тұр. Ішкі істер министрлігі мұндай жүгенсіздікке қатаң тосқауыл қоюға кірісті. Соңғы бес күннің өзінде сот шешімін елемеген 245 жүргізуші ұсталды. Заң талабын әдейі бұзғандардың 115-і  қамаққа алынса, қалған 130-ына айыппұл салынды. Ал тәртіп бұзушылардың 245 автокөлігі түгелдей арнайы айып тұрағына жеткізілді. Ішкі істер министрлігінің ұстанымы айқын: сот тыйым салған азаматтардың рөлге отыруына ешқандай жол берілмейді. Өзгелердің өміріне қауіп төндіретін мұндай жүргізушілерге алдағы уақытта да ең қатаң шаралар қолданылмақ.