Түркістан
EN

Асыл тұқымды күшіктер жауынгерлік қызметке дайындалып жатыр

11
20.11.2026

24 асыл тұқымды күшік Ұлттық ұлан сапында жауынгерлік қызметке дайындалып жатыр. Олар Алатау қаласындағы 6654 әскери бөлімінде арнайы мамандардың қарауында. Бөлім кинолог мамандарды даярлаумен қатар, қызметтік иттерді өсірумен де айналысады. Бұған дейін мұнда түрлі тұқымды күшіктер қолға үйретілген. Қызметтік иттерді мінез-құлқы мен қабілетіне қарай тиісті бағыттарға бөледі. Бірі есірткі заттарын іздеуге, енді бірі жарылғыш заттарды анықтауға машықтанады. Ол үшін жұмыстарды жүргізуге қажетті оқу-материалдық база жасақталған. Ал, 24 күшік тиісті дайындықтан өткен соң қызметтік иттер қатарына қосылады. Айта кетейік, жыл басынан бері Ұлттық ұланның қызметтік иттері 51 жағдайда қолданылған. Олардың көмегімен қылмыс белгілері бар құқық бұзушылықтарға қатысы бар 27 адамды ұстаған.Өсімдік тектес және синтетикалық 6 келіден астам есірткі затын анықтаған.