Түркістан
EN

Арнайы экономикалық аймақпен танысты

12
20.11.2026

 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Түркістандағы «Тұран» арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. 290 гектар жерді алып жатқан өнеркәсіптік аумақта 16 инвестициялық жоба бар. 6 кәсіпорында 600-ден аса адам еңбек етіп жатыр. Ірі жобаның бірі Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені. Жоба аясында сегіз өндірістік кешен пайдалануға берілген. Алдағы уақытта бояу зауыты мен тігін фабрикасы салынады.