Түркістан
EN

Қазақстанда күн сайын бір бала жол апатынан қайтыс болады

12
20.11.2026

Еліміздің жолдарында қайғылы жағдай азаяр емес.  Жыл басынан бері 200-ден астам жеткіншек жол-көлік оқиғасының құрбаны болды. Ал былтыр тіптен, 285 бала көлік апатынан қаза тапқан. Ең сорақысы оқушылар тасымалдау кезінде де  жол апаты жиі болады. Мәселен, былтыр Түркістан облысында жаттықтырушысымен бірге жарысқа бара жатқан 3 жасөспірім жол апатынан бақилық болды. Жалпы балалар тасымалы кезіндегі қауіпсіздікке кім жауапты, еліміздегі қолданыстағы заң неге қайғылы жағдайлардың алдын алуға қауқарсыз? Тілшіміз зерттеп көрді.

Елімізде әлі күнге дейін мектепалды және мектепке баратын балаларды білім ошақтарына қауіпсіз тасу жүйесі бірізге түспеген. Заң жүзінде көлікке қойлатын талаптар, жүргізушінің міндеттері  білгіленген.  Оқушыларды тасымалдау ережесі де бар. Бірақ олар іс жүзінде  орындалмайды. Құрылтай депутаты Айжан Наймбекова осы мәселені көтерді. Ол бірқатар қайғылы жағдайларды мысалға келіре отырып, балаларды көлікке отырғызып, түсіру, ата-анасына тапсыруды заңмен бекіту қажет, дейді.