Түркістан
EN

«Түркістанды тану» көрмесі өтті

13
20.11.2026

Облыс орталығында «Түркістанды тану» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Шығармашылық кеш белгілі қылқалам шебері Айнабек Оспановтың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Көрменің басты артықшылығы – автор Түркістан өңірі туралы таңдаулы 70 туындысын көрермен назарына ұсынған. Мерейтойлық шараға біздің әріптесіміз де куә болып қайтты.

Көрме басталмастан бұрын «Озық ойлы ұлт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған суретшілер, мәдениет пен өнер өкілдері қатысып, жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі жөнінде құнды пікір білдірді. Халық Кеңесінің мүшесі Жанұзақ Мүсәпір  мектеп бағдарламасындағы бейнелеу өнері пәнінің жұмысын жандандыра түсу қажет дейді.