Түркістан
EN

Қол күрестен әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

12
20.11.2026

Қол күресінен Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте топ жарды. Бұл сайыста еліміздің намысын 70 спортшы қорғаған болса, оның 32-сі Түркістан облысынан барған. Аймақ атынан сынға түскен армрестлингшілер 17 алтын, 6 күміс және 9 қола медаль иеленді.  Халықаралық сайыстың жүлдегерлері мен чемпиондарын бүгін облыс әкімі қабылдап, құрмет көрсетті.

 47-ші рет өткен әлемдік сайыста Ұлбосын Елмұрат 65 келі салмақта күш сынасып,   алтын медаль иеленді. Бұл спортшының дүниежүзілік бәсекедегі  екінші жеңісі. Түркістандық ару финалда түркиялық қарсыласын жеңіп,  жеңіс тұғырынан көрінген.