Түркістан
EN

Егістік жерін әкімдік алып қойған кәсіпкер наразылығын білдірді

154
02.06.2022

Түркістан облысындағы Сауран ауданының кәсіпкерлері жерімізді мемлекет алып қойды деп шағымдануда. Тапқан таянғанын егістік алқапқа салған олар енді не өнім жоқ, не қаржы жоқ далада қалдық деп шырылдайды.

СПКА–Сауран кооперативі 622 гектар жерге мал азығын өсіру үшін 1 млрд 51 милион тг жұмсаған. Біз жерді алғанға дейін мұнда егін егуге ешқандай жағдай жасалмады деп отыр. Егістік алқабы ойдым-ойдым болды оны өзіміз тегістедік дейді. Суды да өздері  тартқан. Тіпті жолға да тас төсепті. Кәсібімізді дөңгелетемізбе деп отырғанда жертелімін конкурспен алмағансыңдар деп мемлекет қайтарып алыпты.

Мәселені толықтай зерттеу үшін серіктестіктің құжаттарымен таныстық. Сөйтсек жертелімі 2021 жылға дейін Кентау қаласының қарамағында болған. Сол жылы аумақтық өзгерістерге байланысты Сауран ауданның меншігіне өтеді. Мәселе осы тұста басталған. Құжат заңсыз рәсімделген деген желеумен  жергілікті әкімдік арыз тастап , алғашқы сот отырысында жеңіп шығады. Кәсіпкерлер болса бұл шешіммен келіспейді. Ал Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы апелияциялық сотта кәсіпкерлерге қолдан келген көмегімізді көрсетеміз деп отыр. 

Қорыта айтқанда талапкерлер аппелияциялық сотта жеңбесе, салған 1 милиард 51 милион ақша ауаға кетпек. Бұл тек егістікке жұмсалған қаржы. Ал шетелдік мамандарға төлеген есепсіз милиондары тағы бар.