Қазақстанда балалар спортын қаржыландыру жүйесі өзгерді. Енді бір баланы даярлауға жылына 415 мың теңге бөлінеді. Бұған дейін бұл сома 233 мың теңге болған. 2025–2028 жылдары осы мақсатқа 76,7 миллиард теңге қарастырылған. Қаражат спорттық жабдықтар алуға, жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге жұмсалады. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаттықтырушыларға кәсіби шеберлігі үшін 30 пайыз үстемеақы төленеді. Бұдан бөлек, бұқаралық және жоғары жетістіктер спорты жеке қаржыландырылады.