Түркістан
EN

Балабақша тәрбиешісіне қатысы қылмыстық іс қозғалды

17
19.11.2026

Атырау облысында балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінге күш көрсеткені анықталды. Оқиға Индер ауданындағы «Балдәурен» балабақшасында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада топтағы балалардың бірі туған күнін атап өтіп жатқаны байқалады. Тәрбиеші бүлдіршіндерді үстел басына жинап, торттағы шырақты үрлеуге дайындаған сәтте бір баланы жұлқылап, күш көрсеткен. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.