Ирак үкіметі Бабил провинциясына қарасты Журф-ас-Сахар ауданына терроризмге қарсы күрес күштерін жұмылдырды. Өйткені бұл аумақ Иран қолдайтын «Катаиб Хезболла» қарулы тобының негізгі орындарының бірі саналады. Олар мұнда он жылдан астам уақыт бойы қарулы күштерін ұстап келген. Сондықтан ел үкіметі мемлекеттік бақылаудан тыс әрекет ететін қарулы құрылымды назарда ұстағанды жөн санап отыр. Алайда Хезболла қауіпсіздік күштерімен қақтығысқа бармайтынын алдын-ала мәлімдеді.
ӘБУ ТАЛИБ ӘС-САИДИ – «КАТАИБ ХЕЗБОЛЛА» ТОБЫНЫҢ ӨКІЛІ
Өкінішке қарай, қазір әскери күштердің шоғырлануы халық арасында арандатушылық тудыруда. Үкімет басшысы Әли әз-Зайдиді сабырға шақырамыз. Біз Ирак қауіпсіздік күштеріне қарсы қақтығысқа бармаймыз. Негізсіз күдік халықтың тыныштығын бұзады. Сондықтан мұндай әрекетті тоқтатқан жөн.