Түркістан облысында 50 мың малды семіртетін кешеннің құрылысы аяқталды. Орталық Азиядағы мал бордақылауға арналған ең ірі жоба – Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде орналасқан. Нысанның ашылу салтанатына Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин арнайы келді.
Жобаның алғашқы кезеңінде 15 мың малға арналған бордақылау алаңы іске қосылса, екінші кезеңде тағы 35 мың ірі қара тұратын қора-жай салынды. Қазір мұнда 10 мыңнан аса мал семіртілуде. Қора-жайды толтыру үшін енді еліміздің өзге өңірлерінен түліктер әкелінеді. Нәтижесінде кешен жыл сайын 15 мың тоннаға дейін ет өндірілмек.