Аспан асты елінің Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммиті басталды. Жиынға Қытай төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин қатысты. Кездесу барысында бірқатар келіссөздер жүргізу жоспарланған. Жиында Трамп Қытайға Блэкуел чиптерін сатуға рұқсат беретінін мәлімдеді. АҚШ президентінің айтуынша, Энвидия қазірдің өзінде озық чиптерді әзірлеп жатыр. Оның жоғары есептеу қуаты Қытайға жасанды интеллект технологияларын жедел дамытуға мүмкіндік бермек