Түркістан
EN

Жүгеріні терең өңдеу зауыты ашылды

10
19.11.2026

 Түркістан облысында жүгеріні терең өңдейтін ірі өндіріс орны іске қосылды. Шардара ауданындағы «Казкрахмал» зауыты жылына 150 мың тонна жүгеріні өңдеуге қауқарлы. Жаңа кәсіпорынның ашылу рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.

Жобаны іске асыруға 35 миллиард теңге жұмсалды. Оның басым бөлігі, яғни 31,5 миллиард теңгесі кәсіпорынның өз қаражаты. Қалған 3,5 миллиард теңгесі банк несиесі арқылы қаржыландырылды. Зауытта 500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Кәсіпорын крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, жүгері майы мен басқа да өнім түрлерін өндіреді. Өндіріс желілерінің 80 пайызы автоматтандырылған.