Түркістан
EN

Елімізде қоқыс полигонының 19,8 пайызы ғана талапқа сай

13
19.11.2026

Қазақстандағы тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінде түйткіл көп. Еліміздегі 2 мың 911 полигонның тек 577-сі немесе 19,8 пайызы ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай. Ал былтыр 5 миллион тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық жиналса, оның 30,7 пайызы ғана қайта өңделген. Осы мәселелер Қазақстан Халық Кеңесі Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің Экологиялық комиссиясы отырысында талқыланды. Жиында қалдықтарды жинау, шығару, сұрыптау және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру мәселелері көтерілді.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ 

Бүгінде елімізде жылына шамамен 5 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық түзіледі. Бұл – өңірлер үшін өзекті мәселе. Сондықтан қалдықтарды қайта өңдеу ісін жандандыру қажет. Әрине, бұл бағытқа қомақты қаржы керек. Қазір Экология министрлігі еліміздің түрлі өңірлерінде қайта өңдеу кәсіпорындары мен зауыттарын салуға 100 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді