«Түркістан» телеарнасының қызметкерлері асық атудан сайысқа түсті. Ұлттық ойынды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған мекемеішілік жарысқа отызға жуық адам қатысты. Олар мергендік пен ептіліктерін сынға салып, өзара кім мықтыны анықтады. Топ жарған жүлдегерлерге алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды. Мұндағы мақсат – бос уақытты тиімді өткізу ғана емес, ұлттық спортты дәріптеу арқылы әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Жарыс соңында телеарна ұжымы игі бастаманы челленджге айналдырып, «асық ату» эстафетасын өзге мекемелерге жолдады.