Теміржол көлігінің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі сынға ілікті. Құрылтай депутаты Елдос Баялышбаев пойыздарға қауіпсіз міну және вагон ішінде қозғалу мәселесін көтерді. Оның айтуынша, кей жағдайда параспортшыларды вагонға қолмен көтеріп кіргізуге тура келеді. Бұл қауіпсіздікке қатер төндіріп, жолаушылардың құқығын шектейді. Депутаттың мәліметінше, 54 жолаушылар пойызының 24-і көтергіш құрылғылармен жабдықталмаған. Осыған байланысты вокзалдарға мобильді көтергіш орнату, вагондарға арнайы кресло-арбалар алу және қызметкерлерді оқыту ұсынылды.
ЕЛДОС БАЯЛЫШБАЕВ – ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ
Кейбір жағдайларда оларды вагонға бірнеше адамның көмегімен қолмен көтеріп кіргізуге тура келеді. Бұл жарақат алу қаупін тудырады әрі адам қадір-қасиетіне қайшы келеді. Теміржол көлігінің қолжетімді болуы – арнайы купенің болуымен ғана шектелмейді. Бұл – адамның вагонға өздігінен әрі қауіпсіз мініп, өз орнына жетіп, басқа азаматтармен тең дәрежеде сапарға шығу мүмкіндігі.