Түркістан
EN

41 жасында спортқа келген ана Азияны қалай мойындатты?

14
19.11.2026

Бәз біреулер оларды мүмкіндігі шектеулі адамдар дейді. Бірақ өзгелердің аяушылығы мен мүсіркеуін қажет етпей тағдыр тауқыметін жеңіп шығатын дарабоздар да бар. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында тұратын Ақтолқын Сейілбекова осындай жан. Бір көзінен айырылған алты баланың анасы 41 жасында үлкен спортқа келіп, не бәрі үш жылдың ішінде Азия чемпионы атанды.

Ақтолқын Сейілбекова  спортпен 2023 жылдан бастап шұғылдана бастады.  Осы аралықта спорттың әр түрінен бақ сынап көріпті. Ақыры бала күнімде кимано киіп көрсем деген арманы оны осы дзюдоға алып келген.