Түркістан
EN

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

17
19.11.2026

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиында Алматы тау кластеріндегі Almaty SuperSki жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды. Қазір құрылыс жұмыстары белсенді кезеңге өткен. Франциялық POMA компаниясымен бірлесіп, аспалы жолдардың іргетасын құю басталды. Сонымен қатар қажетті жабдықтарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жобаға отандық кәсіпорындар да тартылған. Атап айтқанда, аспалы жолдардың жекелеген құрылымдық элементтерін қазақстандық компания өндіретін болды. Ал курорттың сәулеттік тұжырымдамасын әзірлеуге Швейцария, Дания және Канада елдерінің жетекші компаниялары қатысады. Үкімет басшысы құрылыс қарқынын жеделдетіп, курортты 2028 жылдың желтоқсанында пайдалануға беруді тапсырды.

ЕРЖАН ЕРКІНБАЕВ – KAZAKH TOURISM DEVELOPMENT БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ 

Almaty SuperSki жобасы аясында біз халықаралық тәжірибесі бар жетекші компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта аспалы жолдардың іргетасын құю жұмыстары басталды. Сонымен қатар отандық кәсіпорындарды да жобаға тартып, жергілікті өндірістің әлеуетін пайдалануға басымдық беріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – әлемдік стандарттарға сай заманауи тау шаңғысы курортын қалыптастыру.