Түркістан
EN

Балабақшалар лицензия алуға міндеттеледі

16
19.11.2026

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметі қайта лицензияланады. Осылайша, балабақшалар үшін бұрын қолданылған лицензиялау тәртібі қайта енгізілмек. Жаңа талаптар меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдарға бірдей қолданылады. Лицензия алу үшін балабақшалар педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі, ғимараттың қауіпсіздігін, медициналық қызмет пен тамақтандырудың талапқа сәйкестігін растауы тиіс. Сонымен қатар оқу-әдістемелік база, инклюзивті орта, материалдық-техникалық жарақтандыру және бейнебақылау жүйесінің жұмысы да бағаланады. Атап айтқанда, педагогтердің кемінде 75 пайызы штаттағы негізгі жұмыс орны бойынша осы ұйымда қызмет етуі, ал біліктілік санаты бар мамандардың үлесі 20 пайыздан кем болмауы қажет. Лицензия алуға өтініш электронды үкімет немесе арнайы портал арқылы қабылданады. Мамандар ұйым басшыларына құжаттарды алдын ала түгендеп, қағаз жүзіндегі мәліметтердің нақты жағдаймен сәйкес болуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.