Түркістан
EN

Заманауи спорт кешендері көбейіп келеді

13
19.11.2026

Елімізде соңғы 7 жылда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 536 спорт нысаны салынды. Оның басым бөлігі ауылдық жерлерде бой көтерген. Түркістан облысында да спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Мәселен, соңғы 5 жылда 400 жаңа нысан пайдалануға берілді. 

Түркістан спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге қолайлы орталыққа айналды. Қалада халықаралық талаптарға сай бірнеше ірі спорт нысаны ашылған. Бүгінде шаһарда 265 спорт нысаны жұмыс істейді.

Солардың бірі – «Мұз сарайы». Мұнда хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау спорт түрлерімен айналысуға болады. Түркістандық хоккей командасы да осы кешенде жаттығып, өз алаңында дайындық жүргізуге мүмкіндік алған. 

МЕЙІРЖАН НҰРЛАН – ХОККЕЙШІ 

Мұз сарай біздің жаттығуға өте ыңғайлы. Барлық жағдай жасалған бізге. Тренажерный зал да берілген. Қазір бізде екі апталық жаттығу болып жатыр. Шымкенттің мұзымен салыстырғанда осы жақтың мұзы өте ыңғайлы.