Түркістан
EN

Екі ел су саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек

13
19.11.2026

Қазақстан мен Швейцария су ресурстарын тиімді басқару және су дипломатиясын дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Бұл мәселе cу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Кристина Хонеггердің кездесуінде талқыланды. Тараптар Швейцарияның қолдауымен жүзеге асып жатқан өңірлік бағдарламаның нәтижелері мен алдағы міндеттерін қарастырды. Жоба Орталық Азия елдері арасында су мәселелері бойынша өзара сенімді нығайтуға, бассейндік жоспарлауды жетілдіруге және сала мамандарының әлеуетін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, кездесуде су ресурстарын бақылау мен есепке алудың заманауи жүйелерін енгізу, жерүсті суларына мониторинг жүргізу және суды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктері сөз болды.