Түркістан облысында су тапшылығын азайту мақсатында 2 жаңа су қоймасы салынып жатыр. Бәйдібек пен Төлеби аудандарындағы нысандар іске қосылғанда мыңдаған гектар суармалы жерге тіршілік нәрі жеткізіледі. Сондай ақ, алдағы жылдары еліміздегі су қоймаларын жаңартып, 42 жаңа нысан салу жоспарда бар.
Су қоймасы Балабөген мен Үлкен Бөген өзендерінің тоғысқан тұсында орналасқан. Жиналған су қажет кезде Бөген су қоймасына жіберіледі. Ол үшін ұзындығы 21 шақырымдық «Сарқырама» каналы да салынған. Жаңа арна секундына 12 текше метр су өткізіп, 2,5 мың гектар алқапты сумен қамтиды. Қазір нысанда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр